Хабар телеарнасы

Ақтөбе облысына қажетті қуат көзінің 47%-ы Ресейден тасымалданады

Ақтөбе облысына қажетті қуат көзінің 47%-ы Ресейден тасымалданады. Сондықтан «АЭС салу - энергетикалық тәуелсіздікке және тұрақты дамуға қол жеткізудегі стратегиялық маңызды қадам»,– дейді отандық ғалымдар. Жергілікті тұрғындармен кездескен республикалық халықтық штаб мүшелері атом электр станциясын салудың өзге де тиімді тұсын түсіндірді. Штаб құрамында ғалымдармен қатар, депутаттар және қоғам қайраткерлері де бар.

Ақылбек Күрішбаев, ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті: 
-Күн сәулесімен жанатын энергия станциялары, желмен жүретін станциялардың барлығын дамытуымыз керек. Қазір бізде олардың үлесі 6-ақ пайыз. Енді Үкіметтің жоспары бойынша он жылдан кейін 30%-ға дейін көтеріледі. Бірақ бір осал жері жаңағы жаңартылған энергияның көзі ол тұрақты генерацияға жатпайды. Атом электр станциясы тұрақты энергия береді.