Хабар телеарнасы

Жеке кәсіпкер ретінде тіркелген такси жүргізушілері таксопарктің ақысынан босатылады

Жеке кәсіпкер ретінде тіркелген такси жүргізушілері таксопарктің қызмет ақысынан босатылады. Сондай-ақ олар 1% ғана салық төлейді. Қалған әлеуметтік төлемдері де 1% ғана болады. Биылғы қыркүйек айынан бастап мемлекеттік кірістер комитеті интернет платформалар арқылы қызмет ұсынатындарға осындай жеңілдік жасап отыр. Былтырдан бері пилоттық режимде жұмыс істеген жүйе оң әсер беріпті. 21 мыңнан астам адам такси қызметін заңдастырып, нәтижесінде бюджетке 700 млн теңгеден астам салық түскен. «Бірақ Мемлекеттік кірістер комитетіндегілер біздің мақсатымыз – салыққа қарық болу емес»,– дейді.

Ерқанат Шымберген, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің басқарма басшысы:
-Солардың әлеуметтік кепілдігі туралы ойлануымыз керек. Олардың көбіне қазір енді несиелері бар, қиын жағдайда жүргендері бар. Олардың әлеуметтік төлемдері төленбей ертең олар зейнетақы ала алмайды, медициналық қызмет түрлерін алмайды. Сол мәселелерді шешу, ең басты мақсатымыз сол.