Хабар телеарнасы

«Таза Қазақстан» науқаны Жамбыл облысында жалғасын тапты. Өңір жаңалықтары

«Ұстазға құрмет» апталығы аясында Талдықорғандағы 200-ге жуық мұғалім марапатталды. Білім саласы қызметкерлеріне Оқу-ағарту министрінің, облыс әкімінің құрмет және алғыс хаттары табыс етілді. Еңбегі ерен аға буын өкілдеріне кәсіподақтың атынан «Еңбек адамы» төсбелгісі берілді. Жетісу облысында 130 мыңға жуық оқушыға, 21 мыңнан аса мұғалім сабақ береді.

Қызылордада қала күні мерекесіне орай, бірнеше әлеуметтік нысан ашылды. Соның бірі - «Жайлы мектеп». 900 оқушыға шақталған білім ошағында оқушы мен ұстаз үшін барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар қаланың сол жағалауынан үстел теннисі орталығы қолданысқа берілді. Онда бір мезетте 32 спортшы жаттыға алады. Ал жаңадан ашылған оқушылар сарайында 51 үйірме бар.

Тараз қаласының тұрғындары Сеңкібай су арнасының жағалауын қоқыстан тазартты. «Таза Қазақстан» экологиялық науқанына 200-ге жуық белсенді жұмылдырылған. Жалпы акция басталғалы облыс аумағынан, 16 мың тонна қоқыс шығарылды. «Екінің біріне бұйырмайтын табиғаты көркем жерде тұрып, оның тазалығына мән бермеу - елдігімізге сын»,– дейді қала тұрғындары.