Хабар телеарнасы

«Байтақ» жасылдар партиясы: елімізге бір емес, үш АЭС керек

«Байтақ» жасылдар партиясы елімізде 1 атом электр станциясын салу жеткіліксіз, келешекте кемі 3 станция болуы керек деп есептейді. Айтуларынша, атом генерациясы 6 гигаваттан асса, ол тек қуат көзін беріп қана қоймай, экологиялық миссияны еңсеруге сеп. Еліміздің алдында 2060 жылға дейін көміртекті бейтараптыққа көшу міндеті тұр. Яғни қазіргі таңда жылу электр станциаларынан ауаға шығып жатқан млн тоннаға дейінгі көмірқышқыл газы, ол тұрған жердің ластануы мен су айдындарына төгіп жатқан өндірістік қалдықтан қоршаған ортаға орасан зор залал келіп жатыр. «Байтақ» партиясының өкілдері былтыр Дубайда өткен Климаттың өзгеруі жөніндегі 28-конференцияның ұсынысын алға тартып отыр. 100 ден астам елдің президенттері қатысқан экологиялық форумда энергетика арқылы экологиялық проблемаларды шешу жолдары ұсынылған еді.

Бекберген Керей, «Байтақ» жасылдар партиясы аппаратының жетекшісі, эколог:
-Жалпы қатысқан мемлекеттер қолдады. Біріншіден, ауаға шығарылатын зиянды заттар, парник газдардың жоқтығы. Екінші, олардан күл, қоқыс, т.б. қатты тұрмыстық қалдықтардың түзілмеуі. Сосын қазіргі мынау су айдындарына төгіліп жатқан іркінді су айдындарының жоқтығы. Қазақ халқына не керек? Таза ауа, таза жер, таза су. Бізге АЭС керек.