Хабар телеарнасы

Хостелдегі өрт: сот отырысы басталды

Алматыда 13 адам қаза болған хостелдегі өрт бойынша сот отырысы басталды. Бұл қылмыстық істе екі адам айыпталып отыр. Олар ғимаратты жалға алған хостелдің иесі Әділбек Мұхамедияров пен өрт қауіпсіздік жүйесін жүргізген Александр Пекельник. Сот барысында екеуі де өздеріне тағылған айыпты мойындаған жоқ. Олар «өрт электр желісінен емес, әдейі қойылған болуы мүмкін»,– деп есептейді. Ал өрт жүйесі нысан бос тұрған кезде орнатылған. «Жертөленің дүкен үшін пайдаланылатынын білмедік. Оны жалға беруші тарап айтпады»,–дейді айыпталушылар. Ал жәбірленушілер тергеуге көңілі толмайтындарын, кейбір тараптарға айып тағылмағанын айтты. Еске сала кетейік, былтыр 30 қарашада жертөледегі хостелден өрт шығып 13 адам қаза тапқан еді. Олардың екеуі Ресей, екеуі Өзбекстан азаматы.

Бақытжан Әлімбаев, жәбірленуші:
-Кінәлі адамдар жазасын алады деп ойлаймын. Көңілден шықпаған жерлер көп, кінәлі адамдардың барлығы тергеліп жатқан жоқ. Ешкім көңіл айтып, ешқайсысы хабарласқан жоқ. Не қожайыны, не жалға алғандар, әкімдіктен ештеңе болған жоқ.