Хабар телеарнасы

Шымкентте жылу желілерінің 29,5 шақырымы ауыстырылды

Нәтижесінде ішкі орамдық және магистралдық құбырлардың тозу көрсеткіші 37-ден 35%-ке төмендеді. Бұл жұмыстарға республикалық және қала бюджетінен 4 миллиард теңге бөлінген. Жалпы жылу маусымы алдында 800 шақырымнан астам жүйеге гидравликалық қысым жасалып, 137 жерде анықталған ақау жөнделген.

Қазір тұтынушылардың қарызын өндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бюджеттік мекемені қоса есептегенде, борышкерлердің қарызы 641 миллион теңгеден асқан.

Еділ Бүркітбаев, жылумен қамту кәсіпорнының бас инженері:

- Жылу жүйелері бойынша 2107 үй бар. Қаладағы көпқабатты үйлер. Қазір соның 2090 үйдің АКТ-сін алды. Бізде 211 бюджеттік құрылым бар. Оның 193 толық жылуға дайындық актілерін алды.