Хабар телеарнасы

«Алматы Бас жоспар» ЖШС бас директорының орынбасары сотталды

«Алматы Бас жоспар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының орынбасары 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Қылмыстық іс Медеу аудандық сотында қаралды. Сондай-ақ сот үкіміне сәйкес айыпталушы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Бұл туралы қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі хабарлады. Өмірәліұлы кәсіпкерді жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерткені үшін қалалық Жер қатынастары бөлімінің лауазымды тұлғаларына 9,6 миллион теңге көлемінде пара беруге итермелегені үшін айыпты деп танылды. Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.