Алматыда дарынды балаларға арналған «Абай» ұлттық мектебінің іргетасы қаланды
Алматыда Абай атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған мектеп-интернатына жаңа ғимарат салынады. Білім ошағы енді «Абай» ұлттық мектебі деп аталатын болады. Нысанның іргетасын қалау рәсіміне Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған зиялы қауым өкілдері мен ардагер ұстаздар қатысты. «Абай» ұлттық мектебі 900 балаға арналады. Қазір Абай атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта 400-ге жуық оқушы бар. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, бұл жоба ұлы Абайдың «Толық адам» іліміне орай ұлтқа қызмет ететін азаматтардың жаңа буынын тәрбиелеуді көздейді. Мемлекет басшысы ұсынған «Адал азамат» тұжырымдамасын іске асыруға жол ашады. Осы шарадан кейін Мәулен Әшімбаев бастаған сенаторлар Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіне барып, оқытушылар мен студенттермен кездесті. Сондай-ақ №63 жалпы білім беретін мектеп базасында орналасқан ресурстық орталықтың қызметімен танысты.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
-Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде білім беру сапасын арттыруға баса мән беріп келеді. Мемлекет басшысы сапалы ұлт болудың маңызды шарттарының бірі. Тіпті ең негізгі шарт деп айтсақ та, артық болмайды.
Сондықтан әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы қолайлы жағдай жасау үшін ауқымды жұмыс бүгін елімізде атқарылып жатыр. Орта білім беру саласында осынадй іргелі істер аясында Абай ұлттық мектебін қалыптастыру да маңызды қадам деп есептейміз.