Балабақшада көз жұмған бүлдіршіннің тәрбиешілеріне қатысты сот үкімі шықты
Атырауда кәріз құдығына құлап, көз жұмған бүлдіршіннің ісі бойынша балабақша тәрбиешісі мен басшысына қатысты сот үкімі шықты. Оларға 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы кесілген. Қылмыстық Кодекстің 63-бабымен жаза шартты түрде тағайындалып, белгіленген жазаның барлық мерзіміне пробациялық бақылау орнатылған. Еске салайық, қайғылы оқиға биыл шілде айында қаладағы балабақшалардың бірінде болған. Қараусыз қалған 3 жастағы бала кәріз құдығына құлап, көз жұмған еді.