Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру басталды
Елімізде көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру басталды. Егіс науқанынан бұрын қаржыландыру Қазақстанда алғаш рет және фермерлердің өтінішімен енгізіліп отыр. Бұл тұқымды және тыңайтқышты алдын ала сатып алуға, техниканы дайындауға және барлық қажетті жұмысты сапалы жүргізуге мүмкіндік береді. Осы мақсатқа Президент тапсырмасымен 700 млрд теңгеге жуық қаражат қаралған. Оның 560 млрд теңгесі капиталдың нарықтық көздерінен тартылады. Бүгіннен бастап «Аграрлық несие корпорациясы» жылдық сыйақы мөлшерлемесі 5% аспайтын «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша қаржыландыру тетігін іске қосты.