Коммуналдық төлемдерді үйден шықпай-ақ төлеуге болады
Алдағы уақытта коммуналдық төлемдерді үйден шықпай-ақ төлеуге болады. Астана тұрғындары қазірден осындай мүмкіндікке ие. Бірақ ауыл-аймақ әлі де қағаз жүзінде және әр төлем үшін бөлек-бөлек есептесіп жүр. Алдымен бұл уақыт алады. Одан бұрын оның көлеңкелі тұстары көп,-дейді Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жаннат Дүбірова.
Сондай-ақ мемлекеттік қала құрылыс кадастрының жұмысы цифрландырылды. Енді бастапқы рұқсат беру құжаттамасын алу үшін платформаға тіркелесіз. Бас жоба бойынша Сіз сатып алған жерде мектеп не балабақша сынды әлеуметтік маңызы бар нысан болуы керек, бірақ сізге ол жерді «бармақ басты, көз қыстылықпен» сатқан болса, өтінішіңіз қабылданбайды. Сондай-ақ бұл платформада барлық инженерлік нүктелердің жұмысы тіркеледі.
Еркебұлан Ақманбетов, ҚР Мемлекеттік қала құрылысы кадастырының басқарма басшысы:
- Сол жерге бізде инженерлік желілер қосылуы бойынша осы системадан көре аламыз. Жақын жерде қосылатын инженерлік нүктесі бар ма, жоқ па соны да қарай аламыз.