Хабар телеарнасы

Есіл өзенінің су деңгейі көтерілді

Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзенінің су деңгейі көтерілді. Ауа райын болжаушы мамандардың айтуынша, бұған мұздың қатуы, жаз бойы жауған жаңбыр мен жер астынан көтеріліп жатқан су себеп болған. Өңірдегі гидробекеттерден алынған мәлімет бойынша, Есілдегі су деңгейі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 75 сантиметрге дейін жоғарылаған. «Алайда алаңдауға негіз жоқ»,– дейді синоптиктер.

Наталия Левина, «Қазгидромет» МКК СҚОФ директорының орынбасары:

-Есіл өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі көктемгі тасқынмен байланысты. Табиғи құбылыс барлық су қоймасында байқалады. Өйткені биыл ылғал шамадан тыс көп болды. Сергеев қоймасынан төгіліп жатқан ағын су желтоқсанның соңына қарай тоқтауы тиіс. Содан кейін гидронысанды босату басталады.