Хабар телеарнасы

Еліміздің мектептерінде буллингке қарсы екі бағдарлама енгізілді

Енді буллинг болған жағдайда жауапқа бала емес, ата-ана тартылады. Еліміздің мектептерінде буллингке қарсы екі бағдарлама енгізілді. Оның бірі тәжірибеден өткен шетелдік бағдарлама болса, екіншісін отандық ғалымдар әзірлеген. Бұл туралы дөңгелек үстел кезінде ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан айтты. Сондай-ақ алғаш рет барлық білім беру ұйымдарында 130 жеке қауіпсіздік сабағы енгізілді. Оқу жылының соңына дейін олар цифрлық технологияларды, онлайн-қауіптерді қауіпсіз пайдалануға баса назар аудара отырып, зерделенген материалды қайталап бекітетін болады және жыл басынан бері психологиялық қолдау орталықтары 240 мыңға жуық оқушы мен олардың отбасына көмек көрсеткен. Олардың 140 мыңы кәмелетке толмаған бала, ал 100 мыңға жуығы ата-ана.

Еділ Оспан, ҚР Оқу-ағарту вице-министрі:

-Бала құықтары мен мүдделерін сақтау – қорғау мемлекеттің басты міндеті. Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы ведомствоаралық құжат болып табылатын «Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі 2003-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар» бекітіліп, іске асырылуда.