Хабар телеарнасы

Ел аумағында жаңа 5 трансшекаралық хаб құрылады

Авто және теміржол арқылы жүк тасымалының көлемін арттыру мақсатында ел аумағында жаңа 5 трансшекаралық хаб құрылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында айтылды. Олардың қатарында Қорғас және Каспий торабы, «Еуразия» трансшекаралық сауда, «Орталық Азия» Халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталықтары мен Индустриялық сауда-логистикалық кешен бар. Аталған трансшекаралық хабтарды құру шекара маңындағы сауданы дамытып, өнеркәсіптік кооперация мен еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін кеңейтуде ерекше маңызға ие. Сонымен қатар Маңғыстау облысындағы Ақтау және Құрық порттарында контейнерлік хабтар мен Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларының әуежайларында мультимодальды әуе хабтарын құру да жоспарланған.