Хабар телеарнасы

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова алаяқтарға алданды

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова алаяқтарға алданғанын баспасөз жиынында мәлімдеді. «Оқиға осыдан екі жыл бұрын болған. Десе де әлі күнге әділдік таппай жүрмін»,– дейді. 2022 жылы Астанадағы құрылыс компанияларының бірінде басшы қызметте отырған келіншек Жұлдыз Әбдікәрімоваға өз пәтерін коттеджге айырбастауды ұсынған. Ол келіседі де, нотариус арқылы сату және сатып алу келісімін жасайды. Ал уәде етілген коттедж әлі күнге салынып бітпеген. Осы аралықта оның пәтері басқа адамның атына рәсімделіп, банкке кепілге қойылыпты. Осылайша екі үйден де айырылыпты. Бұл іс аудандық және қалалық сотта қаралған. Екеуінде де оның пайдасына шешілмеген. Енді Жұлдыз Әбдікәрімова Ішкі істер министрлігі мен бас прокуратурадан араша болуды сұрап отыр. 

Жұлдыз Әбдікәрімова, талапкер:

- Басшыларының бірі Тәжімбетова Диляра менің сеніміме кіріп, «TUMARGrandVillage» коттеджді қалашығынан жер үй уәде етіп еді. Дәл осы құрылыс компаниясында мен сияқты алданғандар 6 кісіге жетті. Қазіргі таңға дейін өте баяу жұмыс істеуде. Диляра барлығын мойындап отыр. Неге ары қарай қозғалмайды деген менде сұрақ?