Хабар телеарнасы

Биыл 8700 шақырым республикалық маңызы бар автожол жөнделді

Биыл 8 700 шақырым республикалық маңызы бар автожол түрлі жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Күрежолдардың көптен күрмеуі шешілмей, жұрт әбден мезі болған еді. Бүгін «Қазавтожол» ұлттық компаниясы жағымды жаңалықтарын жеткізді. Елді алаңдатқан «Қарағанды-Балқаш-Алматы», «Атырау-Астрахан», «Ақтөбе-Қандыағаш» және «Талдықорған-Өскемен» республикалық маңызы бар автомобиль жолдары қайта жаңғыртылды. «Қарағанды-Балқаш-Алматы» республикалық маңызы бар автомобиль жолының қайта жаңарту жұмыстары аяқталып, толықтай қозғалыс берілді. Сондай-ақ 2024 жылы «Ақтөбе-Қандыағаш» республикалы автожолы бірінші және екінші техникалық санатқа ауыстырылып, төрт жолақты қозғалыс қамтамасыз етілді. Халықты сан жыл әуреге салып келген «Талдықорған-Өскемен» автожолы бойынша да Абай, Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстары арасында көлік қозғалысы қамтамасыз етілді. Сондай-ақ «Қалбатау-Майқапшағай» автожолының қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2025 жылы осы учаскеде жол қозғалысы ашылуы тиіс.

Дархан Иманашев, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы:

-«Жезқазған-Қарағанды», «Сарыағаш қаласының айналма жолы», «Рудный қаласының айналма жолы», «Ақтөбе-Ұлғайсын», «Қызылорда қаласының айналма жолы», «Түркістан қаласының айналма жолы», «Бейнеу-Бозой-Шалқар», «Қызылорда-Сексеуіл» және «Петропавл қаласының айналма жолы» жаңа жобалардың жұмысын бастауды жоспарлап отырмыз.