Хабар телеарнасы

Биыл Қостанай облысында екі зауыт іске қосылды

Биыл Қостанай облысында екі зауыт іске қосылды. Оның бірі шойын құю, екіншісі жылжымалы вагон құрамасының серіппесін шығаратын кәсіпорын. Өңірде темір кені шикізатын терең өңдеуге ерекше мән беріліп отыр. Алдағы бір-екі жылда ыстық брикетті темір өндіретін, болат қорытатын зауыт салу жоспарда бар. Қостанай облысында соңғы жылдарда өнеркәсіп өндірісі қарқынды дамып келеді. Әсіресе машина жасау саласының жетістігі ауыз толтырып айтарлықтай. Жергілікті зауыттан биыл 77 мыңнан астам көлік шығарылды және өндіріс желісі де жылдан жылға кеңейіп келеді. 

Құмар Ақсақалов, облыс әкімі:

-Биыл өңірде автобөлшектер өндіретін зауыттың құрылысы басталды. Келер жылы жүк көліктерінің жетекші белдемесін шығаратын өндіріс орынын іске қоспақ ойымыз бар. Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған тапсырманы орындау мақсатында халықаралық көлік-логистикалық кешенін салуды қолға алмақпыз. Бұл контейнерлі жүк тасымал көлемін бес есеге арттыруға мүмкіндік береді.