Хабар телеарнасы

Мемлекет әр балаға ₸235 мың береді

Енді ата-ана баласы 5 жасқа толғанда қалауына қарай «Келешек» бағдарламасына қатысып, депозитке ай сайын 47 мың теңге салып отыра алады. Ал мемлекет білім беру капиталы үшін әр балаға жылына бір 235 мың теңге ақша аударады. Одан бөлек, мемлекеттің 5-7 пайыз жылдық сыйақысы мен банктің беретін 12 пайыздық ақшасы бар. Демек ата-ана баласының білімі үшін «Келешек» бағдарламасы арқылы мемлекет тарапынан жеңілдік алады. Егер мектеп түлегі мемлекеттік білім беру грантына ие болса, қаржы тұрғын үйге жұмсалады. Ал бүгін алғашқылардың бірі болып, Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен «Қаржы орталығы» меморандумға қол қойды. Жауаптылардың айтуынша, алдағы уақытта елдегі барлық оқу ордасымен осындай жаңа келісім жасалады.