Хабар телеарнасы

Олжас Бектенов атом энергетикасын дамыту бойынша кеңес өткізді

Олжас Бектенов атом энергетикасын дамыту бойынша кеңес өткізді

АЭС салу мәселесінде экономикалық тиімділікті қамтамасыз етуге баса мән берілмек. Ал жеткізушіні таңдау кезінде ел ішіндегі құндылықты арттыру, өндірісті локализациялау және технологиялар трансферті ескеріледі. Үкімет басшысы Олжас Бектенов осындай тапсырма берді. Ол атом энергетикасын дамыту мәселесіне арналған кеңес өткізіп, ядролық кластер құру жөніндегі Президент тапсырмаларының жүзеге асырылу барысын тыңдады. Отырыста Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бірінші атом электр стансасының құрылысына қатысты әлеуетті жеткізушілермен жүргізілген келіссөздер туралы хабарлады. Сондай-ақ, 2025–2031 жылдарға арналған электр энергиясының болжамды теңгерімі баяндалды. Атом ғылымы мен сала мамандарын даярлау да талқыланды. Бұл мәселе бойынша сарапшылар өз ойларын бөлісті.