«Абайдың қара сөздері» ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» тізіміне енгізілуі мүмкін

  • 876
  • 16.02.2026, 21:50

«Абайдың қара сөздері» ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» тізіміне енгізілуі мүмкін. Тиісті құжаттар сараптамалық бағалауға жолданды. Президент Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтайда Абай ілімі біздің ұлттық бірегейлігіміздің, ұлттық болмысыздың өзегі болуға тиіс екенін айтты. Оның айтуынша, қазіргі «Адал азамат» тұжырымдамасы ұлы ойшылдың «Толық адам» идеясымен тығыз астасып жатыр. Сондықтан Абай мұрасын жүйелі түрде насихаттаған жөн. Мемлекет басшысы бұл басқаға емес, ең алдымен өзіміз үшін керек екенін тілге тиек етті.

Ғарифолла Есім, философия ғылымдарының докторы, мемлекет және қоғам қайраткері, абайтанушы: 

-Абайдың мұрасы мәңгілік. Өйткені Мұхтар Әуезов былай дейді: «Абай өз ойын ешбір күшке табындырғысы келмеген данышпан адам». 100 жыл жүрсе де дәмі кетпес сөзінің. Осындай дәмі кетпейтін дара тұлғалардың еңбегі әрбір ұрпаққа өнеге.