«Абайды үш тілде оқимыз» атты акция бастау алды
Байқау түрінде өтіп жатқан шараның алғашқы кезеңіне қала мектептерінен 250-ден аса оқушы қатысты. Олар алдымен ақынның «Көзімнің қарасы» әніне флешмоб ұйымдастырды. Сонымен қатар ақынның шығармашылығы мен өміріне зерттеу жүргізіп, ғылыми жобалар дайындаған.
Меруерт Шаманова, №20 мектеп-лицейінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі:
- «Абайды үш тілде оқимыз» деген акция өткізіліп жатыр. Бұл шараға 200-ден астам мектеп оқушылары қатысуда. Оның ішінде қазақ, орыс, ағылшын, португал, неміс, француз тілдерінде оқушылар Абайдың шығармаларынан өлеңдерін және қара сөздерін оқиды. Бұл шараның, акцияның мақсаты – Абай атамыздың шығармашылығын насихаттау және балаларды кітап оқуға тарту.
Әмина Ғомар, 8-сынып оқушысы:
- Абайдың 16-қара сөзін үш тілде оқыдым. Яғни орыс, қазақ және украин тілі. Бұл секілді шараралар қазіргі кезде өте керек деп ойлаймын. Себебі ол бізді көптеген нәрселерге үйретеді. Абай өлеңдерінің мәні өте зор, бірақ оларды оқып жаттау өте оңай.