Хабар телеарнасы

Украина астанасында Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтеді

Украина астанасында қазақстандық музыканттың жеке концерті өтеді. Украина халқы оны көптен күткендерін айтады. Кеште сүйікті әншілері «Дайдидау», «Я люблю тільки тебе» әндерін орындайды деген үмітте.

Надежда Гринь, көрермен:

- Біз Димаштың қазыны қатты жақсы көретінін білеміз. Сол себепті командасы үшін арнайы тапсырыс берген едік. Осылайша сүйікті әншімізді таңғалдырғымыз келді.

Евгения Барсегян, көрермен:

- Ежелден бері Украинада ер адамдар осындай жейде киген еді. Бұл тұмар деп есептелген. Міне, біз де Димашқа Украинадан тұмар ретінде мынау жейдені сыйлағымыз келіп отыр. Осы жейдені киіп, украин тілінде бір ән айтса екен деген арманымыз бар. Димаштан барлығы да Александр Пономаревтің «Я люблю тільки тебе» әнін күтеді.

Музыкасүйер қауым әсем әуен толқынында тербеліп, концерт әдеттегідей көрермендердің көңілінен шығады деген сенімдеміз.