«Ерте ояндым, ойландым» қойылымы көрермен назарына ұсынылды
Оқиға желісі ақынның бала кезінен есейген шағына дейінгі кезеңді қамтыған. Сол кездегі қоғамның болмысы, қақтығыстар Абай дүниетанымының өзгеруіне сеп болады. Оның мыңмен жалғыз алысқаны, көпке қарсы шығып, қатыгездікке күйінген сәттері шынайы бейнеленген. Бала Абайдан ойшыл, дана Абайға айналуына түрткі болған көптеген дүниені театр әртістері шеберлікпен жеткізе білді.
Абзал Жақып, Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театрының әртісі:
- Бұл Абайдың жас кезі болғандықтан Абай жолында айтылған, кітап бойынша жазылған дүние көрсетілді. Содан оқып, жалпы өзімізше, түсінгенімізге байланысты осы рөлді шығардым десем де болады.
Әділет Ақанов, Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театрының режиссері:
- Театрдың барлық әртісі қамтылған. Құнанбай қажының образы, Ұлжан, Зере аналарымыз, әжелеріміз бейнеленді. Абайдың жас кезі, есейген образы бар. Қойылым өте ауқымды, классикалық туынды. Жұмыс барысы өте қызықты өтті.