«Хабар» Агенттігі Батырхан Шөкеновтің әндерін бірге шырқауға шақырады
Ол үшін «Хабар» телеарнасын 18 мамыр сағат 19:10-да қоссаңыз жеткілікті. Әр көрермен әнші репертуарынан сүйікті әндерін орындай алады.
«Күн қайтадан шығады,
Әлемді нұрымен жылытып.
Біз қайда болсақ та,
бізді махаббат емдейді».
Бұл – Батырхан Шөкеновтің әнінен алынған сөз.
«Бүгін, 18 мамыр, біздің Батырымыз тірі болса, 58 жасқа толатын еді. Әлбетте, бүгін біз жүрегіміздегі оған деген махаббатпен Батырдың орындауларын тыңдап, бейнебаяндарын тамашалап, әндерін орындайтын боламыз», – деді «Хабар» Агенттігінің Басқарама Төрағасы Ерлан Бекхожин.
«Хабар» телеарнасының эфирінен Батырхан Шөкеновтің «Отан-Ана», «Джулия» және «Қайран көңіл–ай» деп аталатын композицияларын тыңдауға мүмкіндік бар.
«Бүгінгі күнімізді жүрегіміздегі махаббатпен, Батырдың рухына деген махаббатымызбен өткізейікші», – деп сөзін аяқтады Ерлан Бекхожин.