Шымкентте «Уақыт керуені» шарасы өтті
«Уақыт керуені» қала көшелерін түгел аралап, халықтың ыстық ықыласы толтырылған қоржынымен 22 қараша күні сағат 18.00-де ескі қалашық «Цитадель» қақпасына келіп тоқтайтын болады. Шымкент қаласының тұрғындарына құлаққағыс, ізгі тілектеріңізді білдіре аласыздар!
Бұл мән-мағынаға ие іс-шараның жөні бөлек. Жиынға келгендер арман-тілектерін қағазға жазып, қоржынға салып жатты. Керуен қоржынына сондай-ақ қаламыздың тарихын айшықтайтын 2200 кітап пен шаһардың символына айналған қызғалдақ тұқымы да салынатын болады.
Ханзада Есенова, қалалық Мәдениет басқармасының басшысы
– Ізгі тілектеріңіз, жақсы ниеттеріңізді білдіріп жазып, тұмардың ішіне салып, біздің осы керуенге жүктеп жіберсеңіз болады. Қосылыңыздар, Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары!
«Уақыт керуені» қала көшелерін аралап, халықтың ыстық ықыласы толтырылған қоржынымен 22 қараша күні сағат 18.00-де ескі қалашық «Цитадель» қақпасына келіп тоқтайды. Содан соң келер жылы ТМД ның мәдени астанасы атанатын Тәжікстанның Душанбе қаласына аттанады.
Шыңғыс Мұқан, қала әкімінің бірінші орынбасары:
– Табиғаттың алақанында жүріп, оның қызметін күнделікті көріп жүрміз. Біз табиғатқа қызмет етуді, табиғатқа алғанымызды кері беруді ұмытып жатамыз. Бүгін ағаш егіп, экологияға бір сағатымызды арнап қызмет еттік.
Іс-шара соңы Birgemiz: Taza Alem жалпыұлттық жобасы аясындағы EcoSana сенбілік акциясына жалғасты. Қатысушылар дендрологиялық саябақ ішіне тал егіп, акцияға қолдау көрсетті. Осымен жетінші рет ұйымдастырылған сенбілік алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Авторлары: Нұрбек Байбосын, Нұрмахан Бекмұратов