Голливудтық режиссер Оливер Стоун Нұрсұлтан Назарбаев туралы деректі фильм түсірді
Режиссер ертең елімізге келіп, «QAZAQ: History Of the Golden Man» деректі фильмінің тұсаукесеріне қатысады. Фильмнің режиссері – Игорь Лопатенко. Фильмде Оливер Стоунның Қазақстанның Тұңғыш Президентімен сұхбаттасқан сәті де бар. Фильм Қазақстан және соңғы 30 жыл бойы елді басқарған Нұрсұлтан Назарбаев туралы. Онда Елбасы өз жолын неден бастағаны, Горбачев пен Ельцин туралы, КСРО-ның күйреуі, Семей полигоны және елорданың құрылысы туралы әңгімелейді.
Тұңғыш Президенттің кеңесшісі, баспасөз хатшысы Айдос Үкібайдың айтуынша, америкалық тараптан ұсыныс 2019 жылдың соңында жасалып, түсірілім 2020 жылы өткен. Барлығы үш кездесу ұйымдастырылып, түсірілімнің әрқайсысы төрт сағаттан астам уақытқа созылған.