«Жамбыл. Жаңа дәуір» фильмі түсіріліп жатыр
Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев ақынның мерейтойын атап өту жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді. «Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы – елдігімізді айшықтап, бірлігімізді көрсететін айтулы оқиға. Сондықтан жоспарланған іс-шараларды жоғары деңгейде өткізу керек», - деді ол. Бір күндік той-думан емес, ұлтты ұйыстыратын, көпке ой салатын шаралар қажет. Қазірдің өзінде игі бастамалардың бірқатары жүзеге асып жатыр.
Қырымбек Көшербаев, ҚР Мемлекеттік хатшысы:
- Жамбыл Жабаев туралы кітаптар мен оның еңбектерін басып шығаруға қатысты елеулі жұмыстар атқарылды. Бүгінде Жамбылдың таңдамалы шығармалары мен еңбектері түрік, қырғыз тілдеріне аударылған. Жақында ғана елордада Жамбыл Жабаевтың 10 томдық шығармалар жинағының тұсаукесері өткізілді.