AMRE Азияның ірі ән фестивалінде Қазақстанды таныстырды
Кіл мықтылар жиналған сайысқа 12 елдің өкілі қатысты. Жерлесіміз «Өмір – теңіз» атты туындысын нақышына келтіріп орындады. Оның бейнебаяны Шарын шатқалында түсірілген болатын. Енді бүгінгі еңбек Еуропалық музыкалық ән жинағының бесінші шығарылымына енеді. Бұдан бөлек, қатысушылар еуропалық танымал әншілермен бірлесіп, әлеуметтік тақырыпта ортақ музыкалық жинақ шығарады.
Еске салсақ, көпшілікке AMRE деген лақап атпен танылған Ернар Садырбаев осыған дейін «Славян базары» байқауында топ жарған еді. Бұл шараның жоғарғы деңгейде өтуіне «Хабар» Агенттігі өз ықпалын тигізді.
Ғалымжан Байсейітов, режиссер:
- «Өмір – теңіз» әнінің айтар ойына, терең философиялық мәніне қарай Шарын шатқалын таңдадық. Ол жерде құдықтар қаздық. Әншінің қиналып барып, сол құдықтан шыққанын, өмірде неше түрлі қиыншылық бар, бірақ жақсылықтар да көп. «Сол жақсылыққа жетеміз, бәріміз біргеміз» дегендей ойды жеткізу үшін философиялық тұрғыда бейнебаян түсірілді.