94 жастағы ақтаулық зейнеткер ине-жіппен 100-ден астам суретті көзілдіріксіз салған
94 жастағы соғыс ардагері ине-жіппен 100-ден астам суретті көзілдіріксіз салып шыққан. Айтуынша, 13-ке толған шағында соғыс басталады. Майданның соңғы күндеріне дейін белорус жерінде партизан жасағында байланысшы болған. Қазір ісмер әжей кестелеген жастық, орамал, көйлектерге сұраныс көп түседі. Тоқыма өнерін жанына серік еткен қарияның еңбегіне ақы сұрамайтыны аңызға айналған. Көңілінен шыққан жанға сыйға тартқанды ұнатады екен. Ольга Заривняк кесте тоқуды 30 жасында бастағанын айтады. Сол уақытта кестелеген түрлі-түсті орамалдар мен көйлектер үйінде сақтаулы тұр. Соңғы жылдары әжейдің қызы мен немерелері де тоқыма ісіне ден қойыпты.
Ольга Заривняк, соғыс ардагері:
- Лас киімдегі үсті-басы кір-қожалақ қызға жау аса назар аудармады. Қайыршы адам кейпінде тапсырмаларды мүлтіксіз орындап жүрдім. Көрген-білген мәліметтерді жасырын жолығатын пәтерде штабқа баяндап отырдым.