Алматыда IV Халықаралық АMEN анимациялық фильмдер фестивалі ашылды
Олардың қатарында «Шырақ», «Мұзбалақ», «Бесік жыры», «Шаңырақтың иесін іздеп жүрмін» атты отандық анимациялық фильмдер де бар. Фестиваль қатысушылары мен мәртебелі меймандар қызыл кіліммен жүріп өтті. Польша, Франция, Грузия, Испания, Өзбекстан, Қытай, Әзірбайжан, Ресей және Қазақстанның аниматорлары түсірген туындыларды Константин Бронзит басқаратын білікті қазылар алқасы таразылайды. Айта кетейік, фестиваль қазақ анимациясының атасы Әмен Хайдардың атымен аталған. Биыл қазақ анимация өнеріне 55 жыл. «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» атты тұңғыш қазақ мультфильмі 1967 жылы экранға шыққан болатын.
Адай Әбелдинов, АMEN анимациялық фильмдер фестивалінің тең президенті:
- Тоғыз номинация бар. Биылғы жылы гран-придан бастап үздік сценарий, үздік көркемдік шешім, үздік фильм, үздік сериал, үздік студенттік жұмыс деген сияқты. Біз биыл екі бірдей жаңа сыйлықты тағайындадық. Ол Әмен Хайдардың атындағы арнайы сыйлық және қауымдастықтың осы фестивальді ұйымдастырып жатқан қауымдастықтың арнайы сыйлығы.
Жәнібек Оразалы, «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігінің жетекшісі:
- Талантты жастар, талантты студиялар бар Америкадан заказ алып істеп жатқан, Еуропадан заказ істеп жатқан Жапония, Ресейдің де анимациялық фильмдерінің жасалуына атсалысып жатқан талантты жастарды жақсы білеміз. Солардың ішінде өзімнің шәкірттерім де, студенттерім де бар. Яғни бұл Қазақстандағы анимациялық кино саласы мамандарының қабілетінің де талантының да жеткілікті екенін көрсетеді.