Хабар телеарнасы

Елордада Мақпал Жұмабайдың концептуалды концерті өтті

Өнер иесі өз шығармаларында жасанды интеллектті қолданып, бүгінгі заманның өзекті мәселелерін поэзиямен ұштастырған. Импровизациялық Erten туындысы адамның өткен мен бүгінді зерделей отырып, ертеңге дайын болуын мақсат тұтады. Оның музыкалық жобасы 15 жыл бойы лирика, музыка, кескіндеме, анимация, қойылымдық көріністер арқылы қазақ поэзиясын жаңа белеске көтерді. Бұған дейін Лондонда «АУА» концертін, Брюнель мұражайында шығармашылық кештерін берген.