Алаш қайраткері, ақын Мағжан Жұмабаевтың дүниеге келгеніне 130 жыл
Осыған орай оның туған жерінде бірнеше күннен бері түрлі кездесулер, ғылыми–практикалық конференциялар, поэзия кештері ұйымдастырылып жатыр. Ал Петропавлда «Тұранның тұғырлы тұлғасы» атты халықаралық ақындар айтысы ұйымдастырылды. Оған бес мемлекеттің дүлділдері қатысып жатыр. Яғни Қазақстаннан бөлек Қытай Халық Республикасынан, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан және Моңғолия елдерінен ақындар келді. Сөз бәйгесі екі күнге жалғасады. Финалдық кезең ертең ақынның туған ауылы Сарытомар ауылында өтеді. Оза шапқан айтыскерге ұйымдастырушылар темір тұлпар мінгізеді.
Рүстем Қайыртай, айтыскер ақын:
-Мағжанның енді өткен өмірі, 50 жыл өлеңінің өртенгені, жұрттың жүрекке жаттағаны, жүрек жыларының жүректе сақталғаны, енді ол Мағжан үлкен тақырып. Абай ақылдың ақыны, Мағжан ақынның ақыны, сезімнің ақыны. Мағжан енді тілегей теңіз, үлкен тақырып. Қай жағынан алсаң да Мағжанды бүгінгі күнмен байланыстрып, ұштастырып отырып ақындар жақсы айтыс жасайды деп есептеймін.