Талдықорғанда «Мұғалім» драмасы сахналанды
Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры жаңа маусымды «Мұғалім» спектаклімен ашты.
Жас драматург Қолқанат Мұраттың шығармасы негізінде әзірленген бұл қойылымның режиссері – Данияр Базарқұлов. Онда көтерілген тақырыптың ауқымы өте кең, әрі бүгінгі заманмен үндес. Мұғалімнің қоғамдағы беделі, ата-ана мен баланың, ұстаз бен оқушының арасындағы қарым-қатынас жан-жақты көрсетілгендіктен, көрерменді бей-жай қалдырмады.
Данияр Базарқұлов, режиссёр:
- Айтар ойы бар, тәрбиелік мәні бар. Мұны тек мұғалім ғана емес, оқушы ғана емес, ата-ана да көруі керек. Бәрі көретін, қоғамның жараларын түртетін жерлері өте көп деп ойлаймын.