Astana Media Week: БАҚ мәселелері талқыланды
ASTANA MEDIA WEEK 2023 апталығының екінші күнінде медиа саласындағы жаңа құндылықтар мен өзгерістер талқыға салынды. Телевизия мен интернет ресурстардағы жарнама түйткілдері төңірегінде отандық сарапшылардан бөлек Nickelodeon, Paramount сияқты ірі компанияларда қызмет атқарған мамандар ой бөлісті. Өңірлік телеарналардың заманауи форматта дамуы, салалық бағыттағы ақпарат құралдарының кейстері, тәжірибелері туралы баяндалды. Спикерлер практикада кезігетін түйткілдерді де ортаға салды. Мәселен, IT cаласында қазақ тілінде қалам тербейтін тілшілер тапшы. Жалпы алғанда отандық медиа нарықта салалық журналистиканың дамуы әлі баяу.
Молдияр Ергебеков, өнертану ғылымдарының докторы, журналист:
- Көбінесе медиамыздан алатын ақпараттарымыз саяси-экономикамылық жағдайға байланысты ақпараттар. Мысалы, ғылым журналистикасы елімізде жоқ десе де болады. Денсаулыққа байланысты журналистика, салалық журналистика жоқ. Білім саласында не болып жатыр, қалай болуы керек деген сияқты сұрақтарға жауап іздейтін журналистика өкінішке қарай бізде дамымай отыр. Сонымен қатар адам құқықтары. Құқыққа байланысты да журналистика кенже қалып отыр. Осындай басқосулар журналистиканың, әсіресе ағарту функциясын атқаруға қайтадан шақырып, өз үлесін қосады деп үміттенемін.