Хабар телеарнасы

Астанада Республика күніне арналған «Отан қымбат» концерті өтті

Отан қымбат. Астанада Республика күніне арнап осындай атаумен мерекелік концерт өтті. Онда еліміздің белгілі әншілері патриоттық рухтағы әндер шырқады. Сахнаның әрленуі де үлкен мәнге ие. Графикалық 3D декорация көрерменді түрлі тарихи кезеңдерге сапар шектіреді. Әр кезеңнің әндері арқылы қойылымның драматургиялық желісі күшейе түскен. Кеште көрермен назарына театрландырылған қойылымдар да ұсынылды. Сондай-ақ Алаш арыстарының өсиет сөздері мен арман-тілегі актерлардың монологымен жеткізілді.