Сыр өңірінің 85 жылдық мерейтойына орай поэзия кеші өтті
Сыр өңірінің 85 жылдық мерейтойына орай Алматыдағы Жазушылар үйінде Қызылорда облысы жас ақындарының поэзия кеші өтті. Кеште жыр өңірінен келген Асылзат Арыстанбек, Ұлықбек Тәңірберген, Биболат Сәтжан, Айдар Сайлауов, Аружан Оралбай сынды жас ақындар жырдан шашу шашып, алматылық оқырмандарымен пікірлесті.
Айта кетейік, Қызылорда облысынан келген ақындардың Алматыдағы поэзия күндері үш күнге созылды. Руханият өкілдері алдымен Кеңсайға барып, о дүниелік болған ақын-жазушылардың рухына құран бағыштады.
Қаршыға Есімсейітова, ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері:
- Он екі ақын келіп отыр. Осы жастарымыздың жырын Алматының тұрғындары сонымен сусындап, елін сағынған, ауылын сағынған, кісілер өздерінің жүрегіне үлкен нұр құйып қайтады ғой деген ойдамыз.
Одан кейін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универстиетінде жастармен кездесті. Осылайша поэзия күндері Жазушылар одағында қорытындыланды.