Елордадағы мектеп оқушылары төл теңгеміздің тарихымен танысты
Балалар ұлттық валютамыз жайында жан-жақты деректермен танысты. Арнайы деректі фильмді және теңгенің тарихы мен бүгіні туралы хронологиялық көрмені тамашалады. Онда алғашқы теңгенің үлгілері мен коллекциялық банкноттар да бар.
Ақниет Бақберген, 10-сынып оқушысы:
- Сабақта мұғалімдер теңгенің құндылығын, теңгенің шығу тарихын және теңге бізге қалай келгенін айтып берді. Бұл теңгелер еліміздің бастан кешкен оқиғаларымызды, тарихымызды сипаттайды деп ойлаймын.
Толқын Дариш, ҚР Ұлттық музейі ғылыми кітапханасының жетекшісі:
- Біз көбінесе жәй теңгенің тарихын ғана үйретіп жатамыз ғой көбінесе, қазіргі коллекциялық дейміз немесе инвестицияны салу, ақшаны жинау, соның жолдарын көрсеткіміз келеді.