Хабар телеарнасы

Елордалықтар Наурызды қалай тойлайды?

Наурыз мерекесіне орай елордада 200-ге жуық іс-шара өтеді. Мәселен, ертең Бейбітшілік пен келісім сарайында ұлттық құндылықтарды дамытуға үлес қосқандарға «Наурыз Ұлттық сыйлығы» табысталады. Ал 20 наурызда Арғымақ кешенінде ұлттық ойындардан жарыс болады. Ынтымақ күні атанған 21 наурызда Ататүрік саябағында театрландырылған қойылым, ал орталық алаңда бесік жыры байқауы өтеді. Ұлыстың ұлы күнінде қаланың бірнеше аумағында мерекелік іс-шаралар мен көшпелі өркениет фестивалі ұйымдастырылады.