Заманауи суретші кілемге Ұмай, Бегім, Домалақ ананың кескінін бейнелеген
Кез келген картинаның жасырған жұмбағы, беймәлім тылсым күші, һәм мазмұны бар. Ал суретті күрішпен бейнелеу – Сыр өңіріне тән техника. Дәнді дақылдан өмірдегі көз тартар көріністі айнытпай салып жүрген Дәулетбек Тойшыбаевтың туындыларын сала мамандары жоғары бағалайды. Заманауи суретші жаңа бағыт бойынша тоқылған оқалы 12 кілемге Ұмай, Бегім, Домалақ ана мен сақ ханшайымдарының жас кезіндегі кескінін бейнелеген. Майлы бояумен түрлі техниканы қолданып, тәжірибе жасағанды ұнататын жан жібек жіппен кесте де тоқиды. Сондай-ақ құмнан граффити, саз балшықтан мүсін құяды.
Дәулетбек Тойшыбаев, суретші:
-Натюрморт, пейзаж, абстракция, сюрреализм мен көбінесе реализм жанрында жұмыс жасаймын. Оның ішінде тарихи жанрда. Батальный батырлардың, қазақ хандарының, қазақ әйелдерінің тұрмыстық жағдайларын суреттеймін, жұмыс жасаймын.