Хабар телеарнасы

Елордада Н. Айтұлына арналған мемориалдық тақта ашылды

Астанада қазақтың көрнекті ақыны, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Несіпбек Айтұлына арналып өзі тұрған үйінде  мемориалдық тақта ашылды.

Салтанатты рәсімге  зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар мен  қала тұрғындары қатысты. Несіпбек Айтұлының алғашқы кітабы 1974 жылы «Қозыкөш» деген атпен жарық көрді. Одан кейін «Бөгенбай», «Қараөткел қырғыны» атты  қырыққа жуық поэма жазыпты. Елге кеңінен танымал «Дариға, дәурен», «Арман» әндерінің авторы. Ең соңғы еңбегі Қаныш Сәтпаев туралы болыпты. Несіпбек Айтұлы 1950 жылы туған. Ал былтыр қазан айында өмірден өтті.

Ғалым Жайлыбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

- «Бостандық жырының бозторғайы, азаттық жырының айбозы», - деп тірі күнінің өзінде атап, осы ел алақанына салды. Несағаң өте бақытты ақын. Екі қоғамды көрді. Екі формацияны көрді. Дүниеде ақын деген өзінің әлемін жасап, өмірінің соңғы күніне дейін қолынан қаламы түспей кеткен ақын.