«Гранд сатамын». Астанада осындай жалған уәде беріп, стунденттер мен олардың ата-анасынан ақша жинаған алаяқ ұсталды. Тергеу деректеріне сәйкес күдікті өзін жоғары оқу орнында беделді тұлғалармен байланысы бар адам ретінде таныстырған. Сөйтіп ақылы бөлімде оқып жүрген студенттерді мемлекеттік грантқа ауыстырып беремін деп сендірген. Бұл қызметі үшін белгілі көлемде ақша сұраған. Кей ата-аналар балалары үшін соңғы тиынына дейін санап беріпті. Алайда грант та жоқ, ақша да жоқ.
Келтірілген шығын көлемі 800 мың теңге. Жәбірленушілер уәде орындалмаған соң полицияға шағымданған. Қазір 33 жастағы күдіктіге қатысты тергеу басталды. Тәртіп сақшылары келіншектің осындай басқа да қылмысқа бар-жоғын тексеріп жатыр.