Шымкентте қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жәбірленуші Руслан Берденовтен жауап алынды. Қала әкімінің орынбасары процеске онлайн режимде қатысып, өзіне қатысты жаланы жоққа шығарды.
Айтуынша, ол айыпталушы Ернар Жиембайды небәрі үш рет көрген. Алғашқы екі кездесу жұмысқа қатысты жиналыстарда өткен және араларында ешқандай жанжал болмаған. Ал бұған дейін сотталушы ар-намысының тапталғанын мәлімдеген. Прокурор сот тергеуінде Ернар Жиембайдың кінәсі толық дәлелденгендіктен оны 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Еске салайық, биыл сәуірде Берденовке әкімдік ғимаратының маңында бес рет оқ атылып, күрделі операция жасалған.