Астанада «Даму» қоры арқылы 80 кәсіпкерді алдаған әйелге үкім шықты

  • 8
  • 29.06.2026, 19:44

Астана соты «Даму» қоры арқылы несие алаяқтығы бойынша үкім шығарды. Әйел адам 80-нен астам кәсіпкерді аталған қордан жеңілдетілген несие алып беремін деп алдап соққан. Кәсіпкерлер бизнесті дамытуға несие емес, миллиондаған қарыз арқалағандарын кеш білген. Рәсімделген ақша үшінші тұлғаның есепшотына аударылған. Жалпы шығын 607 миллион теңгені құрады.

Талайды сан соқтырған әйел аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін 6 жыл 8 ай бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оның 10 жыл несеиелендіру саласында жұмыс істеуіне тыйым салынды. Сотталушының кішкентай балалары болуына байланысты жазасын өтеу мерзімі бір жыл кейінге шегерілді.

Айта кеткен жөн, сотта материалдық шығынды өтеуге қатысты көптеген азаматтық істер оң шешілген.