Абай облысының Үржар ауданындағы Сағат ауылының маңында құрғақ шөп пен қамыс өртеніп жатыр. Отыз гектар аумақты жалын шарпыған. Өрт ошағын «Ғарыш Сапары» геоақпараттық жүйесі анықтады.
Өртсөндірушілерге өртенген аумаққа жету оңай болмай тұр. «Себебі айналасы батпақты жерлер», - дейді мамандар. Арнайы техниканың да өтуі қиындап отыр. Өртті сөндіруге 4 техника мен 15 адам жұмылдырылды. Олардың арасында ауылдарда құрылған жасақтар бар.
Қуаныш Қазыкенұлы, Қарақол ауылдық округінің әкімі:
- Өрттің алдын алу мақсатында Үржар аудандық өрт сөндіру жасақтары келіп жұмылдырылып, Қарақол ауылдық округінен құралған жасақтар өрттің алдын алу мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Өрттен қазіргі таңда қауіп жоқ. Қауіпсіздік шаралары ұйымдастырылып, жұмыс жүргізілуде.