Павлодар облысында шомылу маусымы басталғалы 6 адам суға кетті

  • 14
  • 30.06.2026, 19:39

Олардың екеуі бала. Мамандардың айтуынша, демалушылар қауіпсіздік шараларын ескермейді. Тыйым салынған жерлерге шомылады. Тіпті масаң күйде суға түсетіндер бар. 

Бүгінге дейін 200-ге жуық іс-шара ұйымдастырылып, 100-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар шағын көлемді су көліктерінің қозғалысына бақылау күшейтілді. Биыл екі адам қайықты мас күйінде басқарғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Тілекжан Галямов, облыстық ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы:

- Шағын көлемді су көлігін басқару үшін арнайы жүргізуші куәлігі болуы міндетті. Сондай-ақ кеменің техникалық төлқұжаты, яғни кеме билеті болуы қажет. Барлық құжат заң талаптарына сай рәсімделуі тиіс. Бұдан бөлек, су көлігінде борттық нөмірі мен қозғалтқышының қуаты көрсетілуі керек. Бұл мәліметтердің барлығы ресми құжаттардағы ақпаратпен толық сәйкес келуі қажет.