Әзербайжан Республикасы Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымына мүше болды. Салтанатты іс-шара ұйымның Астанадағы штаб-пәтерінде өтті. Онда бауырлас елдің мемлекеттік туы көтерілді.
Іс-шараға ұйымның бас директоры Берік Арын мен Әзербайжанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Агалар Атамоғланов қатысты. Ұйымға мүшелік ету азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға, ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге жол ашады. Сондай-ақ ол Әзербайжанның бірлескен бастамаларға белсенді түрде атсалысуына ықпал етеді.
Берік Арын, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының бас директоры:
- Бұл елдің қосылуы – маңызды қадам. Бұл біздің ұйымды күшейтіп қана қоймай, біздің ұйымның да әлеуетін арттыртын болады. Енді Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы өздеріңіз білетіндей, Қазақстан бастамасымен құрылған болатын. Сондықтан да мына бауырлас елдің қосылуы – екі ел арасындағы бауырластық қатынастардың тағы бір куәсі.