Жамбыл облысында психотроп зат сатқан топ жетекшісі 17 жылға сотталды

  • 56
  • 02.07.2026, 19:34

Жамбыл облысында аса ірі көлемде есірткі және психотроптық заттарды сақтап, өткізумен айналысқан қылмыстық топ жетекшісі 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Топтың екі мүшесі 15 жылға түрмеге қамалды.

Тергеу мәліметінше, олар бірнеше жыл бойы дәріханалар арқылы күшті әсер ететін дәрілік заттарды заңсыз сатып келген. Тінту кезінде 1 мың 800-ден астам «Тропикамид» құтысы, 300-ден астам «Трамадол» ампуласы, мыңнан астам «Сомнол» таблеткасы және шамамен 17 грамм «Оксивин» тәркіленді. Бұл препараттардың айналымы заңмен қатаң бақыланады және рұқсат құжаттарынсыз сатуға тыйым салынған.

Гүлсара Мұхтарқұлова, ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Аса ірі мөлшерде есірткі құралдарымен психотроптық заттарды заңсыз сақтау мен өткізу фактісі бойынша ҚР ҚК 297 бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Сотқа дейінгі тергеп тексеру барысында қылмыстық схеманы Тараз қаласының 60 жастағы тұрғыны ұйымдастырып, жетекшілік еткені анықталды.