Павлодар облысында 6 жұмысшы мерт болды

  • 94
  • 20.07.2026, 19:42

Павлодар облысының Ақтоғай ауданында кәріз құдығына түскен 6 жұмысшы мерт болды. Жазатайым жағдай сүт-тауарлы фермасының аумағында болған. Жұмысшылар құдыққа электр сорғысын жөндеуге түскен. Алайда көмірқышқыл газына уланып, сол жерде көз жұмған. Бақилық болғандардың ең жасы 16-да. 7 жұмысшының біреуі ғана аман қалды. Жедел-жәрдем қызметі оны Ақтоғай аудандық ауруханасына жеткізген. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды.

Асқар Ғазизов, облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз хатшысы:

-Шақыру 20 шілде күні сағат 12-де Ақтоғай ауданы Жоламан аулындағы ЖШС –дің бірінен түсті. Оқиға орнында медицина қызметкерлері 6 ер адамның қаза тапқанын анықтады. Тағы бір ер адам Ақтоғай аудандық ауруханасына жеткізілді.

Жанар Белялова, облыстық ПД ресми өкілі:

-Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпараттар тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды.