Шымкентте бақша өнімдерінен уланғандар саны артты

  • 63
  • 20.07.2026, 19:43

Биыл 500-ге жуық адам жіті ішек инфекциясымен ауруханаға жатқызылса, басым бөлігі шілде айында сырқаттанған. Дәрігерлер тез бұзылатын тағам өнімдерін сақтау ережесіне мұқият болуды ескертеді.

Жедел жәрдем қызметіне ішек инфекциясы белгісімен хабарласушылар көбейді. Медициналық бригадалар тәулігіне 2 мыңнан астам шақыртуға барса, әр оныншы адамға осындай диагноз қойылған.

Арман Бақтыбаев, қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының бөлім басшысы:

- Негізі жазғы маусымда шақырту 2500-нан жоғары болады ғой. Іш өту, құсу сол жағдайлар болады. Түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қазіргі жеміс-жидектерді жеу алдын жуып алдын алатын болсақ шақыртулар аздау болады.

«Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары болса тағамның сапасы мен оны сақтау ережесіне жіті мән беру керек»,- дейді. Себебі аптап ыстықта азық-түлік өнімдері тез бұзылып, ауыр ішек ауруларына себеп болады. Тек шілде айының өзінде 280 адам ауруханаға жазқызылған.  

Жұлдыз Райымқұл, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бөлімінің бас маманы:

- Бүгінгі таңда 5 және одан да көп науқастар бізде тіркелген жоқ. Яғни бізге ондай шұғыл хабарлама келген жоқ. Уланудың алдын алу мақсатында біз тұрғындарға сатып алатын сауда орындарынан, базарлардан, кез келген нүктелерден таксикологиялық зертханадан өткені туралы сараптаманың қорытындысын талап ете аласыздар.

Жаздыгүні тұрғындар арасында қауын мен қарбызға сұраныс артты. Осыған байланысты өңірге көрші облыстардан өнім көптеп жеткізіліп, көше бойында да сауда қызған.

Алуа Төлепберген, қала тұрғыны:

- Бізде күнде 3-4 қауын, қарбыздан әкеліп тұрады ағамыз. Күн ыстықта қатты керек. Шөлімізді қандырады. Барлығының дәмі сочный, күшті болып тұрады.

Баймұрат Мәжиев, сатушы:

- Қарбыз, қауын жеген жақсы. Халықтан жалоба жоқ. Қазір дәрісіз, удобрение жоқ. Жейтін 2 ай ғана уақыт қалды ғой. Поляның бағасымен беріп жатырмыз. 100-150 теңгеден беріп жатырмыз. Сауда зор. Сұраныс көп. Қарапайым халыққа арзан. Қарбыз алса қауын тегін. 

Бақша дақылдарының сапасын базар әкімшілігі тұрақты түрде тексереді. Қарбыз не қауын сатып алған кез келген адам өнімдердің құрамын тексеру мақсатында мамандарға жүгіне алады.

Нұрсұлтан Мұхамеджан, Нұрмахан Бекмұратов