Ақтөбе облысында мал қырылып жатыр

  • 64
  • 20.07.2026, 19:44

Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында мал қырылып жатыр. Қызылжар селолық округіне қарасты екі ауылда 49 бас ірі қара өлген. Жайылымнан оралған сиырлар алдына қойған жем-шөп пен суға қайырылмай, бірнеше күннен кейін құлаған. «Малы қырылған ауылдықтар карантин жариялауды сұрап отыр. Алайда өлекседен сынама алған мамандар жаппай шектеу қоюға негіз жоқ»,- дейді. Облыстық ветеринария басқармасының өкілдері ірі қарадан тейлериоз анықталғанын жеткізді. «Төрт-түлікке кенеден жұғатын паразит қауіпті аурулардың қатарына жатпайды»,- дейді сала мамандары.

Күлсара Жақыпова, облыстық ветеринария басқармасының бөлім басшысы:

- Ветеринарлар қазір аулаларды аралап, ауру жұқтырған мал басын есепке алып жатыр. Тұрғындарға бұл дерттің аса қауіпті аурулардың тізімінде жоқ екенін де түсіндіріп жүр. Сондықтан алдын алу және ем-дом шараларын мал иелерінің өздері жүргізуі тиіс. Қора мен жайылымдарды улау қажет.